Жаңа жылдан бастап құжат алу қымбаттайды. Төлқұжат пен куәліктің құнының өсуіне айлық есептік көрсеткіштің жыл сайын көтерілуі себеп. 1 қаңтардан бастап АЕК 3 692 теңгені құрайды. Осыған байланысты құжат алған кезде төленетін мемлекеттік баж мөлшері де артады.
Қазақстандықтар жеке куәлікті 738 теңгеге, 36 беттен тұратын стандартты паспортты 29 536 теңгеге жасатады. Ал 48 беттік төлқұжат үшін мемлекеттік баж мөлшері – 44 304 теңге.
Келесі жылы елімізде балалар паспорты екі есе арзандайды. Енді 16 жасқа дейінгі балаларға 24 беттік паспорт жасату үшін мемлекеттік баж 4 АЕК немесе 14 768 теңге болады. Ал туу туралы куәлік тегін беріледі. Бірақ бұл құжатты алуға қайта өтініш берген жағдайда 1 846 теңге (0,5 АЕК) төлеу керек.