31 желтоқсан күнгі мерекелік шараға қанша қаражат бөлінеді?

24

Шымкентте бас шыршаның шамы жағылды. Салтанатты шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков арнайы қатысты. Мерекелік кеште «Жаңа жыл алдындағы ертегі әлемі» қойылымы сахналанып, ертегі кейіпкерлері шеру жасады. Сондай-ақ қала тұрғындары мен қонақтарына «Ертегілер» және «Новогодние игрушки» әндері орындалды.

Шымкент жаңа жыл мерекесіне дайындалуда. Осы орайда Астана алаңында бас шыршаның шамы жағылып, қала тұрғындары мен қонақтарына ерекше көңіл күй сыйлауда. Шырша жағу рәсіміне қала әкімі де қатысты. Мегаполис халқы барша қазақстандықтарды мерекемен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.

Мерекелік кеште келушілерге « Ертегілер» және «Новогодние игрушки» әндері орындалды. «Астана» алаңына жиналған көрермендер Аяз ата мен Ақша қарды ортаға шақырды. Күймемен келген басты кейіпкерлерді 40 қоян киімін киген кейіпкерлер күтіп алды. Осы сәтте қала әкімі бас шыршаның шамын жақты. Іс-шара флешмоб биімен жалғасып, концерттік бағдарламаға ұласты. Мамандардың сөзінше, биыл қаланың бас шыршасын жағуға бюджеттен қаржы қарастырылмаған. Оны ұйымдастыруға үшінші мегаполист мәдениет және білім саласы мамандары жұмылдырылған.

Жамбыл Нұрлыбай, Шымкент қалалық мәдениет үйі концерттік ұйымы шығармашылық жөніндегі директорының орынбасары: «2023 жылы өткен қаланың бас шыршасы жағылды. Ол Астана алаңында өтті. Ол жерде  Шымкент қаласының мәдениет архивтер және тілдерді дамыту басқармасының қарасты 20 мекеме бар. Шымкент қалалық мәдениет үйі және театрлар. 6 театр бар. Содан кейін білім басқармасына қарасты оқушылар сарайы, «Даму бала» жобасының мектеп студиялары ұсынған балалар жұмылдырылып, сонымен өткіздік».

Ал 31 желтоқсан күнгі мерекелік іс шараға қанша қаражат бөлінеді деген сұраққа мамандар нақты жауап берген жоқ. Сөздерінше, ол әлі белгісіз.