Шымкентте 18 сағат тоқтаусыз жауған қардан көлік пен жаяу жүргіншілердің қозғалысы қиындады. Бір күнде көктайғақтан тайып құлап, мединициналық көмекке жүгінгендер саны артты. Шымкенттегі №1 қалалық клиниканың өзіне күні кеше осындай шағыммен 20 адам түскен. Ал, бұл көрсеткіштің саны бүгін одан да көбейіп отыр.
«Жарақат бекетіне 60-тан астам науқас келіп қаралған. Бұл көрсеткіш қалыпты көрсеткіштен 3 есе жоғары. Науқастардың көбі қол, шынтақ, тізе, тобық аймақтарының зақымдануымен шағымданған. Олардың ішінде көктайғақтан құлап келгендер саны 36. Олардың 25-і аяқ-қолының сынуымен келген»,— дейді №1 қалалық клиникалық ауруханасының дәрігер травматологы Сағындық ЖҰМАБАЙ.