Úı ANONS Шиебөрі 3 адамды жарақаттады

Шиебөрі 3 адамды жарақаттады

Түркістан облысында шибөрі ауыл тұрғындарына шабуыл жасады. Ескі Шілік ауылында жыртқыш үш адамды, оның ішінде екі баланы жарақаттаған. Төрт жастағы қыздың жағдайы ауыр. Ашулы аңды ауыл тұрғыны тоқтатты. Оқиғаның мән-жайы мен зардап шеккендердің хәлі – алдағы сюжетте.

 

Ескі Шілік ауылында 3 адамға шибөрі шабуыл жасады. Олардың екеуі – бала.  Оқиға екі күн алдын болған.  Аң әуелі  15 жастағы жасөспірімдің аяғына шапқан. Жыртқышты қылқындырған ол одан әрең қашып құтылған.

 

Десе де шибөрі үй алдындағы өзге балаларға қарай жүгірген. Тым-тырақай жан-жақа қашқанымен  4 жастағы қызды тістеп үлгенген. Оның аяқ-қолымен қоса кеудесін де талап тастаған. Әбүйір болғанда анасы шығып, қызын арашалап қалған. Сырттағы балаларға бірінен соң біріне жүгіргенін көрген ауыл тұрғыны Талғат Мыңбаев шиебөрінің басын балтамен ұрып жарған.

 

Оқиға орнына лезде жедел жәрдем қызметі шақырылған. Бәрі аудандық ауруханаға жеткізіліп, тиісті тексеруден өткен. Жағдайы ауыр болған соң 4 жасар қыз ауруханаға жатқызылған, ал жасөспірім мен ауыл тұрғыны тиісті медициналық көмек алғаннан соң үйіне жіберілген. Бәріне құтыру ауруына қарсы екпе салынған.

 

Бүтін бір ауылды үрейлендірген оқиғадан соң ел сыртқа шыға алмай қалған. Балалар үйде, ересектердің өзі далада жүруге қорқып қалдық дейді. Ал аудандық витеринариялық қызмет шиебөрінің өлексесін зертханаға алып кеткен.

 

Шибөріден құтыруға қарсы арнайы сынама алынған. Оның нәтижесі 1 айда шығады. Оған дейін жарақат алғандар және олармен байланыста болғандар дәрігерлердің бақылауында болады.

Дилара Иса