Алимент төлеуден жалтарып жүрген 11 борышкерге қатысты қылмыстық іс тіркелді

25
фото Егемен.кз

Қараша айында алимент төлеуден жалтарып жүрген 11 борышкерге қатысты қылмыстық іс тіркелді. Тергеп-тексеру амалдары нәтижесінде бүгінде алимент берешегі 2 млн. теңге және 381 мың теңге болған борышкерлерге қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды. Ал қалған 9 қылмыстық іс бойынша тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Бауыржан Мырзалиев, Шымкент қаласы прокуратурасының Әкімшілік және атқарушылық іс-жүргізудің заңдылығын қадағалау басқармасының аға прокуроры:
«Қала прокуратурасы ағымдағы жылдың қараша айында алимент өндіру туралы атқарушылық құжаттардың орындалу заңдылығына талдау жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде борышкерлерге қатысты 11 қылмыстық іс қозғалып, оның ішінде екеуі сотқа жолданды. Одан бөлек, жалпы жыл басынан 6 борышкерге қатысты қылмыстық іс қозғалып, оның үшеуіне қатысты үкім шыққан»

Шымкентте алимент өндіру бойынша 13 769 құжат орындалу барысында. Оның ішінде 6972-сінен тиісті қаржы айлық жалақасынан ұсталып отырса, 645 құжат үш айдан астам өндірілмей жатқан көрінеді. Яғни, төленбеген алимент сомасы 1 391 494 815 теңге.