Түркістан облысының Келес ауданында 11 ауылдық округтен спорт үйірмелері ашылды. Онда спорттың алты түрін қамтитын секцияларға мыңнан аса жеткіншек қатысып, шыңдалуда. Нәтиже де жоқ емес. Бүгінде ауданның жас спортшылары елдегі және шетелдік додаларда топ жарып, жақсы нәтижелерге қол жеткізіп жүр.
Бүгінде Ақжол ауылының жүзге жуық жасөспірімі түрлі спорт үйірмесіне қатысуға мүмкіндік алды. Бірі боксты таңдаса, өзгелері таэквондо, дзюдо мен жекпе жекке жаттығады. Бастысы балалар спортты серік еткен. Мәселен мына шағын ғана залда үйірме жұмысы ширақ. Боксты таҢдаған балалар осы спорттың түрлі айла-тәсілдерін меңгеріп, жарыстарға дайындалып жатыр.
Мейірлан Бауыржанұлы, үйірмеге қатысушы: «Жүгіріп күніге өзіміз жаттығулар жасап жүрдік бұл спорт клубы жоқ кезде. Осы мектеп ашылғаннан кейін бокс мектебін таңдадым мен. Жаттығулар өзіме ұнайды. Жарыстарға шықтым 3 рет, 4 рет».
Ал, Ошақты ауылының балалары үшін қазақша күрес залы ашылған. Мұндағы жаттықтырушылар жеткіншектердің белсенділігі жоғары екенін айтады.
Ернар Сәуірбай, үйірмеге қатысушы: » Аптасына біз 5 рет жаттығамыз. Бізге ағай жамбас істетеді, скалена істетеді, похват істетеді. Болашақта арманым әлем чемпионы болу. Және алтын жүлдегер болу менің арманым».
Өңірде орналасқан спорт клубта бүгінде 1 330 оқушының спортпен шұғылдануына жағдай жасап отыр. Онда жасөпірімдер бокс, еркін күрес, қазақ күресі, футбол, ауыр атлетика және ұлттық жекпе-жек сияқты спорт түрлерімен айналысады. Жетістіктер де жоқ емес. Ауылдан шыққан өрендер әлемдік ареналарда бақтарын сынап, жүлделі орындардан көрініп жүр.
Әлішер Мамадияров, спорт клуб директоры: «Бокстан Қостанай қаласында чемпионат Қазақстан болып өтті. Онда Берікбай Қазына деген қызымыз екінші орын иеленді. Астана қаласында жастар және жасөспірімдер қыздар арасында Гухар Тәшкенбайымыз жеңімпаз атанып отыр. Ташкент қаласында чемпионат Азия болды жекпе жектен. Ол жерде Айтолқын деген қызымыз екінші орын иеленіп отыр.
Аудандық спорт клубы келер жылы шығыс жекпе жегі үйірмелерін ашуды жоспарлаған. Сонымен қатар кәсіби жаттықтырушыларды жұмысқа тартып, ауыл балалары арасынан чемпиондар шығаруды мақсат етіп отыр.