Кәмелетке толмағандар арасында қылмыс азаймай тұр

62

Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс саны азаймай отыр. Өткен жылмен салыстырғанда жасөспірімдер арасында жасалған құқық бұзушылықтар саны 41 пайызға өскен. Аталған заң бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Шымкент қаласы прокуратурасының қызметкерлері спортшылармен бірлесіп Мұхтар Әуезов атындағы университет студенттерімен кездесті.

Өткен жылмен салыстырғанда кәмелетке толмағандар арасында жасалған қылмыс саны 41 пайызға өскен. Жасөспірімдер арасында ұрлық пен алаяқтық фактілері көптеп кездеседі дейді полиция қызметкерлері. Жауаптылар 18-ге толмағандар арасында заң бұзушылыққа жол бермеу мақсатында қала бойынша 72 мобильді топ жұмыс істейтінін айтады.

«Жұма, сенбі, жексенбі күндері кешкі рейдтерге шығады. Әкімшілік, мектептің мұғалімдерімен бірге. Бүгінгі таңда 400-дің үстінде рейдтік іс-шаралар өткізілді. 3500 үстінде түнде жүрген, ойын-сауық орталықтарында жүрген кәмелетке толмағандар анықталды. Олардың барлықтарының ата-аналарына қатысты ӘҚ туралы хаттамалар толтырылып, олар жауапкершілікке тартылды»,- дейді Шымкент қаласы прокурорының аға көмекшісі Қайсар Қалдыбаев.

Осы мақсатта Шымкент қаласы прокуратурасының қызметкерлері спортшылармен бірлесіп Мұхтар Әуезов атындағы университет студенттерімен кездесті. Жиын барысында кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылық мәселесі талқыланып, олардың алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жиынға келген спортшылар жасөспірімдер қылмысқа бармауы үшін оларды спортқа баулу керектігін айтады.

«Енді қазіргі жылдан жылға өзгеріс болып жатыр. Жаңағыдай, балаларды зорлау, ұрлау, өлтіріп кету, жаңағыдай көшелерде темекі шегу, ішу деген сияқты көп мәселелер болып жатыр. Оның алдын алу үшін әр отбасы өзінен бастау керек деп ойлаймын.»,— дейді ауыр атлетикадан ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Жазира Жаппарқұл.

Студенттердің құқықтық сауаттылығын көтеру мақсатында өткен кездесу соңы сұрақ жауапқа ұласты. Студент жастар өздерін мазалаған сауалдардың жауабын тиісті орган өкілдерінен алды.