Шымкентте шлем киген ұрылар камераға түсіп қалды

64

      Оңай жолмен ақша табуды ұйғарған екі дос түннің бір уағында скутерлерге «аңшылыққа» шыққан. Нысана көпқабатты үйлердің ауласында тұрған мотокөліктер  болды.

   Бірнеше  сағаттың ішінде жас жігіттер екі скутерді ұрлап кеткен. Сондай-ақ, бейнекамералардан қауіптенген олар бастарына мотоциклге арналған дулыға киіп алған.
    Ұрланған көліктердің иелеріне жалпы сомасы 1 миллион теңгеден астам шығын келтірілген. Олар бұл туралы Тұран аудандық полиция басқармасына арызданды.
     Тәртіп сақшылары дереу жедел-іздестіру жұмыстарына кірісті. Нәтижесінде күдіктілер анықталып, қала аумағында ұсталды. Олар ұрланған мүлікті 250 мың теңгеге сатып жібергені белгілі болды.
     Қазіргі таңда полицейлер сотқа дейінгі тергеуді аяқтап, қылмыстық іс материалдарын сотқа жолдады.