60 жасқа толған ер кісінің мерейтойында ұлы көлік мінгізіп, қыздары мен күйеу балалары қуаныш иесі мен жұбайына қажылыққа жолдама сыйлады. Автордың пікірінше, бұл той Мақтаарал ауданында өткен.
Тойдың видеосын ТікТок қолданушысы парақшасында жариялады. Бейнежазбадан ортаға шыққан ата-анасына ұл-қыздары құрмет көрсетіп, күтпеген тосын сый жасайды.
«Бұл — әуелі бастамасы. Ең маңызды сыйлығымыз бар. Бүкіл мұсылман елі арман қылған, табанымыз Мекке мен Мәдинаның топырағына, маңдайымыз қағбаға тисе деп арман еткен көкеміз бен жеңгеміздің қыздары мен күйеу балаларының атынан қажылыққа жолдама»-,дейді тойды басқарған асаба.
Автордың жазуынша, мерейтой асқар тау әкенің 60 жасқа, ал аналарының 55 жасқа толған құрметіне орай ұйымдастырылған.
Видеоны көрген желі қолданушылары той иелерінің ұл-қыздарының бұл тосын сыйына ризашылығын білдіріп, ата-аналарына ұзақ ғұмыр тіледі.
«Бізге де осылай ата-анамызды қуантуды Алла нәсіп етсін», «Біреу үшін қуана білу де – жақсы. Мен сіздер үшін қуаныштымын. Өсіп-өне беріңіздер», «Біз де осы күнге жетейік», «Жарайсыңдар! Ата-аналарыңызға Алла мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр жазсын», «Алла разы болсын!», «Не деген бақытты ата-ана. Балаларының көз қуанышы болып жүре берсін», «Керемет!», «Ата-анаңыз жүз жасасын» деп жазды желі қолданушылары.