Биыл Сарыағаш аудандық орталық ауруханасына 169250 адам тіркелген. 2023 жылы ауданда скринингтік тексеруден 83548 ересек адам, 76865 бала өтті. Нәтижесінде ауданда профилактикалық тексеру 100%-ға орындалды.
2023 жылғы 12 айдың қорытындысы бойынша скринингтік зерттеулердің орындалуы бойынша ересектер арасында:
Қанайналым жүйесінің аурулары бойынша жоспар бойынша 22674, 100%-ға орындалды;
Қант диабеті бойынша жоспар бойынша 22674, 100%-ға орындалды;
Глаукома бойынша 22674, 100 %-ға орындалды;
Жатыр мойны обыры бойынша 4364, 100%-ға орындалды;
Сүт безі обыры бойынша 4912 100%-ға орындалды;
Тоқ ішек бойынша 6250, 100%-ға орындалды.
Сондай-ақ 5179 адам қымбат диагностикалық қызметтермен қамтылды.
Бүгінгі таңда аудандағы медициналық ұйымдарда 2470 астам маман, оның ішінде 361 дәрігер және 1422 орта буын қызметкері жұмыс істейді.