Тұрғынның тұманды күні жоғалып кеткен 8 бас жылқысы қайтарылды

30

Мақтаарал аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын жайылымдық жерден құны 5 миллион теңге болатын 8 бас жылқысын белгісіз жағдайда жоғалып кеткенін хабарлап, тәртіп сақшыларынан көмек сұрады.

Хабар алысымен тәжірибелі тәртіп сақшылары арнайы топ құрып, іздеу жұмысына кірісті. Полицейлер жылқылардың жүруі мүмкін деген аймақтардың барлығын жіті бақылады. Соның нәтижесінде полиция қызметкерлері аз уақыттың ішінде тұрғынның жоғалған жылқыларын 20 шақырым жерде орналасқан тоғайлы алқапта жайылып жүрген жерінен тапты.
Белгілі болғандай, 8 бас жылқысы ауа райының күрт өзгеріп, кенеттен пайда болған тұман кезінде жоғалып кеткен.
Өз кезегінде мал иесі полицейлерге жоғалған малдарын іздеуде көрсеткен көмектері үшін алғысын білдірді.