Шымкентті тұман басып тұрғанына үшінші күн. Табиғаттың тосын мінезі деуге келмес. Дегенмен шымкенттіктер бұл тұман емес, жағымсыз иіс жайлағандығын айтып дабыл қағуда. Әлеуметтік желілерде Шымкент қаласы аумағының көптеген аудандарында сезіліп жатқан жағымсыз иіс туралы ақпарат кеңінен тарауда. Қазіргі таңда иістің нақты неден шыққаны және оның пайда болу себебі әзірге белгісіз.
Қаланың ең биік нүктесі Сәуле шағынауданынан барып қарағанда қаланың үсті көк тұманнан көрінбейді. Бұл тұман ба әлде көк түтін бе әзірге белгісіз.
Осыған байланысты «Отырар» телеарнасының редакциясы тиісті құзырлы мекемелерге ресми сұрау жолдады. Демалыс жариялануына байланысты әзірге жауап жоқ. Алдағы уақытта алынған жауаптар мен тексеру нәтижелері алдағы уақытта арнаның ақпараттық ресурстарында жарияланатын болады.







