Úı ANONS Түркістандық оқушылар әлемдік үздік жоғары оқу орындарына шақырту алды

Түркістандық оқушылар әлемдік үздік жоғары оқу орындарына шақырту алды

Түркістандық оқушы Нұрболат Полатхан Оңтүстік Кореядағы «KAIST» университетіне шақырту алған. Бүгінде ол Түркістан Білім-Инновация лицейінің 11 сынып оқушысы. Жалпы 4 жылда Корея мемлекеті Нұрболатқа 100 000 АҚШ доллары көлемінде грант бөлмек. Ол өзінің математикадан республикалық және халықаралық олимпиадаларда алған жүлделерімен көзге түскен.

Сондай-ақ, IELTS емтиханынан 7,5 ұпай және SAT емтиханынан 1 510 ұпай жинап өзінің ағылшын тілін де жетік меңгергенін дәлелдеген. «KAIST» университеті әлем бойынша ең үздік 56 университеттің қатарына кіреді.
Сонымен қатар, Түркістан Білім-Инновация лицейінің 11 сынып оқушысы Абдулла Бақтиеров әлем бойынша ең мықты 70 университеттің қатарына кіретін «CityU» университетінен шақырту алған. «CityU» университеті — Гонконг қаласында орналасқан. Абдулла онда толық грантта оқитын болады. Абдулла бұл уақытқа дейін информатика пәнінен республикалық және халықаралық олимпиадаларға қатысып, жүлделерге ие болған. Оның үстіне IELTS емтиханынан 7 ұпай жинаған.