Елді мекендерді газдандыру деңгейі 2030 жылы 65 пайызға жеткізілмек

54
фото dalanews.kz

 Республика бойынша елді мекендерді газдандыру деңгейі алдағы 6 жылда 65 пайызға жеткізілмек. Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтың мәлімдеуінше бұл межені жүзеге асыру үшін  инвесторлармен жұмыс жүргізілуде.

 Ағымдағы жылы газдандыруды жалғастыруға 90,4 млрд теңге бөлінген, бұл дегеніміз  244 мың адамды газбен қамтамасыз етуге және газдандыру деңгейін 61,1%-ке дейін жеткізуге мүмкіндік береді.
Ірі инфрақұрылымдық жобалардың арасындағы біздің шаһарға қатыстысына  тоқталсақ: «Бейнеу-Бозой – Шымкент» магистральдық газ құбырының  екінші желісін  салу  қолға алынады. Былтыр республика бойынша 59,1 млрд м3 газ өндірілді. Ал биылғы болжам бойынша 60,5 млрд м3 газ өндіріледі.