Шымкентте ер адам үстіне жанармай құйып өзін өртеп жібермек болды. Ол Жиделібайсын-Гагарин көшелерінің қиылысындағы «Шайгүл» тойханасының шатырына шыққан.
Оқиға орнына полиция, құтқарушылар, жедел жәрдем және полиция полковнигі Ұлықбек Мылтықов келді.
Ресми емес мәліметтерге сүйенсек, ер адам басындағы дауды осындай жолмен шешпек. Яғни, оған тиесілі тойхананы одан тартып алуға тырысып жатқан көрінеді. Оқиға орнында арна тілшілері жұмыс істеп жатыр, ақпарат толығады.