Есірткі тасымалдаушы екі қыз құрықталды

47
фото Шымкент ПД

Өткен аптада Шымкентте полицейлер есірткі тасымалдаушы екі қызды қолға түсірді. Оқиға  Қаратау ауданында болған. Қыздардың біреуінен 10 пакет, екіншісінің қалтасында 5 доза мефедрон жасырылғаны анықталды. Қыздар аталмыш затты жасырылған жерге  тастап, клиенттеріне координаттарды жіберу керек болған. Енді олар темір торға қамалды.  Олар 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Зейнеткерлік жастағы тағы бір азамат 9 ақпан күні есірткінің ірі партиясымен ұсталды. Ол бұрын есірткі қылмысы үшін сотты болған 59 жастағы ер адам болып шықты. Тергеушілер одан 1 келі марихуана тапты. Ол да қамауға алынып, қазір уақытша ұстау изоляторында.

Жалпы, «Заслон» жедел-профилактикалық іс-шарасының небәрі 5 күнінде Шымкентте 18 есірткі қылмысының жолы кесілді. Рейд барысында 506 есірткі граффитиі жойылды.