9 күн ішінде полицейлер жол қозғалысы ережелері бойынша 17 мыңға жуық бұзушылықты анықтады. Мәселен, «Қауіпсіз жол» жедел профилактикалық іс-шарасы кезінде 9 күн ішінде облыс полицейлері 16838 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады, оның ішінде мас күйінде автокөлікті басқарғаны үшін 38 жүргізуші ұсталды.
Сондай — ақ қарсы жолаққа шыққаны үшін 17 жүргізуші, бағдаршамның тыйым салатын сигналына өткені үшін — 80, авариялық жағдай жасағаны үшін — 43, көлікті заңсыз қайта жабдықтағаны үшін-117 және жолаушыларды заңсыз тасымалдағаны үшін 3 жүргізуші анықталды.
Сонымен қатар 4922 жол қозғалысы ережелерін бұзушыларға жылдамдықты асырғаны үшін, 1846 — қауіпсіздік белдіктерін пайдаланбағаны үшін, 610 — маневр жасау ережелерін бұзғаны үшін және 873 жүргізушіге көлікті басқарған кезде телефонды пайдаланғаны үшін айыппұл салынды. Айыппұл тұрағына 657 автокөлік қамауға алынды.
Естеріңізге сала кетейік, 5-29 ақпан аралығында Түркістан облысының аумағында жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.