Мыңға жуық жалған тұрғын бөтен мекенжайдан тіркеуден шығарылды

34
фото Шымкент ПД

Шымкент қалалық ПД Еңбекші ауданының полиция басқармасы көші-қон қызметі инспекторларымен аудан аумағында 20-дан астам адам тіркелген 203 тұрғын үй иесімен тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, мыңға жуық жалған тұрғын бөтен мекенжайдан тіркеуден шығарылды.

Рейдтер барысында аудан бойынша ӘҚБтК-нің 493-бабы бойынша 85 тұрғынжай иесі меншігінде нақты тұрмайтын тұлғалардың тіркелуіне жол бергені үшін жауапқа тартылды.
Сонымен қатар, тұрғылықты жерінде тіркеусіз тұрған 55 тұлға анықталды. Оларға қатысты ҚР ӘҚБтК 492-бабы бойынша хаттамалар толтырылды.