Қазақ, ана, нан сөздерінің оқылу ерекшеліктері туралы бәріміз білеміз. Бұл сөздерді қалай оқысаңыз да мағынасы өзгермейді. Алайда басқа сөздерді кері айту кез келгеннің қолынан келе бермесі анық. Ал шымкенттік тұрғын Досхан Бесбаев тек сөздер емес сөйлемдерді мүдірместен кері қарай айта алады.
Бұл «Бол жанымда» әнінің сөздерін кері қарай айтып отқан азамат Шымкенттің тұрғыны. Досхан Бесбаев кез келген сөзді дәл мезетінде кері қарай айту қабілетіне ие. Ол тіпті мектеп кезінде бұл ерекше өнерін көрсетіп, бірнеше жарыстан жүлделі орын да алыпты.
«Сөз сөйлей білгелі, ес білгелі әр сөзді айтқан кезде тіліме салып тұратын сияқты. Мысалы жол болса лож, лож деп біреу басымда айтып тұрған сияқты болады. Қазақты кері оқысаң да қазақ қой. Ал аспан болса напса -напса деп аузыма салып тұрған сияқты болады»,- дейді Шымкент қаласының тұрғыны Досхан Бесбаев.
Досхан Бесбаев отбасында 7 баланың кішісі. Оның ата-анасы ұзақ жылдар бойы ұстаз болып қызмет еткен. Анасы Нават Қалматаева баласындағы ерекше қасиетті соның әсері болуы мүмкін деп топшылайды. Сонымен қатар Досхан мектепке ерте жастан барып, білімге құштар болыпты.
«Мектеп жақын болған соң, менімен де, папасымен де барып келіп жүретін. Бәрі таниды Спатай ағайдың баласы деп ертіп кете береді. Бір күні қарасам балалармен құж-құж жинап алған ортасына отыр. Өтіп кеттім қасынан. Кейін сұрасам мен кері қарай сөйлеп жүрмін дейді. Әкесі азанда сөйлеп күліп қоятын. Ол “план жазып отырсам дұрыс айтсам кері айтады. Кері айтсам дұрысын айтады”- деп күліп отыратын. Ал мен көп мән бермейтінмін», — дейді Шымкент қаласының тұрғыры Нават Қалматаева.
Тіпті соңғы уақытта достары, көршілерімен жеке байланыс құралын қалыптастырыпты. Досхан Бесбаевтің осы қабілетін олар да үйреніп, бірге сөйлеуді әдетке айналдырған.