«Жұмысқа орналастырып беремін» деп 1.000.000 теңге алған..

29

Ордабасы аудандық полиция бөлімінің анықтаушысы Санжар Алибековқа жергілікті жердің тұрғыны алаяқтық қылмысын анықтау барысында көрсеткен кәсібилігі мен жауаптылығы үшін алғысын білдірді.

Яғни жәбірленушінің айтуынша, «жұмысқа орналастырып беремін» деп бейтаныс біреудің жалған сөзіне сеніп, 1.000.000 теңге ақшасынан айырылып қалғанын жеткізген.
Аталмыш факті бойынша іс қозғалып, жедел-іздестіру іс-шарасы барысында ізін суытпай күдікті ретінде 39 жастағы жергілікті тұрғынын полицейлер ұстап, істі толыққанды ашқан. Өз кезегінде аудан тұрғыны өзінің шағымы бойынша жедел әрі сауатты әрекет еткен анықтаушыға риясыз алғысын жаудырды.