Арнаулы әлеуметтік жәрдемақы беріледі

37
Кәсіпорын
фото Ашық дереккөз

Ағымдағы жылдан бастап зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтін азаматтарға арнаулы әлеуметтік жәрдемақы беріледі. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барған Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі  мәлімдеме жасады.

Зауыт жұмысшыларымен кездескен Светлана Жақыпова әлеуметтік қолдау шарасы Мемлекет басшысының былтыр қыркүйекте берген нақты тапсырмасы аясында жүзеге асқанын айтты. Ал ел бойынша 37 мың адам арнаулы жәрдемақы алмақ.

Светлана Жақыпова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі: «Жәрдемақының негізгі мөлшері 4 көзден төленеді. Біріншісі, мемлекет бюджеті. Екіншісі, жұмыс берушінің тарапынан бір айлық күнкөріс деңгейінде және сақтандыру қорынан, бірыңғай зейнетақы қорынан төленеді. Төлемдердің мөлшері орташа есеппен – 208 мың теңге».