Астанада Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау басталды

22
фото esquire.kz

Бүгін Елордада жұбайы Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау басталды.

Іс елорданың Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралып жатыр.

Алдын ала тыңдалымға жиналған жұрт қара құрым. Оған екі тараптың да жақын жанашырлары мен туыстары келген. Сот залына Бишімбаевтың анасы мен оның қорғаушылары кірді. Сонымен қатар, марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы мен  туған- туыстары келді. Тыңдалымға келгендердің арасында Нүкеновтердің адвокаты Жанна Уразбахова да бар.