8-наурыз халықаралық әйелдер күні қарсаңындағы құттықтаулар Сіздерге- аяулы ақ жаулықты әже-аналарымыз, әпке-сіңлілерімізге арналады.
Алғашқы құттықтауды Шымкент қаласы мәслихатының төрағасы, «Аманат» партиясының Шымкент қалалық филиалының төрағасы Бахадыр Нарымбетов жолдады:
«Құрметті ханымдар! Көктемнің алғашқы шуақты күндерімен кіріп келетін керемет мереке-8 наурыз Халықаралық әйелдер күні. Бұл мерекені біз балалық кезімізден өте асыға күтетінбіз. Өздеріміз қолымыздан гүл жасап, өздеріміз сурет салып, өзіміздің аяулы аналарымыз, мейірімді әжелеріміз, әпкелеріміз бен қарындастарымызға сыйлық дайындайтынбыз. Шын мәнінде, бүкіл әлемнің тіршілігі анадан басталады. Сондықтан да, біздің Қазақстан Отанымыздың тіреуі де, сенімі де сіздерсіздер. Біз сіздерді жақсы көреміз, гүлдей құлпырып жүре беріңіздер! Сіздерге зор денсаулық, бақ, береке, барлық жақсылықтарды тілейміз!».
Біз жігіттер, сіздерді қатты сыйлаймыз, жақсы көреміз! Біз әрбір тірлігімізді сіздер үшін жасаймыз. Біздің істеп жатқан игі істеріміздің барлығы осы біздің әжелеріміздің, аналарымыздың, әпке-қарындастарымыздың және гүлдей құлпырған қыздарымыздың күнделікті өмірі, әлеуметтік жағдайы және көңіл-күйі тамаша болсын деп жұмыс жасаймыз.
Сіздерді тағы да шын жүректен құттықтаймыз, жақсылықтар мол болсын!».