Қала көшелерін патрульдеу кезінде полк инспекторлары берешегі бар көлік иесін тоқтатты. Тәртіп сақшылары заң бұзушының басқаруындағы «Mercedes-Benz» туралы сигналды қызметтік планшетте орнатылған «Қорғау» бағдарламасы арқылы алды.
Полицейлер көлікті Республика даңғылында тоқтатты. Ер адамның атқарушылық іс жүргізу бойынша 3 млн. теңге қарызы бар екені белгілі болды. Жүргізушіге төлемдер туралы ескертілді. Көлік айыптұраққа қамалды. Қала тұрғыны қарызын өтегеннен кейін автокөлігін қайта ала алады.
Айта кетейік,»Қорғау» қауіпті жүргізушілерді, іздеудегі көлік құралын, жалған нөмірлерді, жүргізуші құқығынан айырылғанына қарамастан темір тұлпар тізгіндеп жүргендерді және техникалық байқаудан өтпеген көлікті жедел анықтауға мүмкіндік береді.