Қытайда Қазақстан туризмі жылы басталды

26

Шымкенттік тағамдар Бейжіңде өтіп жатқан Форум қонақтарын тәнті етті. Үшінші мегаполистен аттанған делегаттар күн шуақты қаланың инвестициялық әлеуеті мен туристік тартымдылығын таныстырып жатыр.

Бүгін Қытайдағы Қазақстан туризмі жылы ресми түрде ашылды. Онда үшінші мегаполистік делегаттар ең шуақты қаланың туристік әлеуеті мен инвестициялық тартымдылығы туралы айтып берді.

Шымкент қаласы Қытай Халық Республикасының Сиань және Байин қалаларымен бауырластық қарым-қатынаты берік ұстанған. Екі жақты байланысты ерекше атап өткен Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Қуаныш Асылов, бұл бастама өз кезегінде түрлі салада еркін тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретінін жеткізді.

«Ежелден-ақ Шымкент қаласы саяхаттаушылар мен зерттеушілердің назарын аударған. Тарихи мекендер мен ойын-сауық нысандары туристердің ойынан шығары күмәнсіз. Сонымен қатар, Шымкент еліміздегі туризмді дамыту бойынша әрізленген Топ-20-та Қазақстанның гастрономиялық орталығына айналды. Баршаңызды шырайлы Шымкент қаласына шақырамыз», дейді Шымкент қаласының әкім орынбасары Қуаныш Асылов. 

Форум үш күнге созылмақ. Шара аясында қазақ халқының ұлттық ойындары, мәдениеті мен салт-дәстүрлері аспан асты еліне таныстырылады. Ал жиын Наурыз көже мен ұлттық тағамдарды паш ететін Nauryz Fest фестивалімен аяқталады деп жоспарланған.