«Қылмыстық оқиғалар жиі орын алатын қауіпті аудан!». Бұл ұғым әлі де бар екен. Шымкенттіктер кей аймақтардың расында қылмыстан көз ашпайтынын айтады. Осы тұста тәртіп сақшылары да шынында мегаполисте қай аумақта қылмыс көп орын алып, жиі құқық бұзушылықтар тіркелетінін айтып берді.
«Шымкенттегі ең қауіпті аудан қайсы? Мегаполис полицейлері бұл сұраққа жауап берді. Тәртіп сақшыларының жауабынан бұрын, қала тұрғындарынан қай аумақты қауіпті санайтынын сұрап көрдік»
« — Жетінші аудан-ау.
— Көксай мен Самал 3 қой
— Ең қауіпті аудан Сәуле ғой
— Төменгі Отырар. Мен тұрам өйткені. Мен тұрған жердің бәрі қауіпті ғой
— Ильяев көшесі деп ойлаймын өзім. Иляева 67
— Колос. Колос қауіпті негізі
— Ондай қауіпті аудан жоқ қой қазір»
Шымкенттіктер осы шағынаудандардан аяқ тартады екен. Ал, мегаполистің шынында да қай ауданы қауіпті екенін полицейлер айтты. Ол аймақ қаладағы 5 ауданның ішінде қылмыс орын алуы жағынан және құқық бүзушылықтардың тіркелуі жағынан көш бастап тұр екен.
Ұлықбек Мылтықов, Жергілікті полиция қызмет басқармасының бастығы:
«Ойын сауық мекемелерінде, түнгі клубтарда және түнгі мезгілде орын алып жатқан қылмыс бойынша бізде Әл Фараби ауданында қылмыс саны көп тіркелген. Және Әл Фараби ауданында көп ойын сауық мекемесі орналасқан»
Жоғарыда тұрғындар атаған Сәуле шағынауданы, Ғ.Ильяев көшесі сынды жерлер осы Әл Фараби ауданында орналасқан. Тәртіп сақшылары бұл ауданда қылмыс санын азайту үшін тиісті жұмыстардың жүргізіліп жатқанын айтады.
Ұлықбек Мылтықов, Жергілікті полиция қызмет басқармасының бастығы полиция полковнигі: «Бұл бағыт бойынша қазір біз талдау жұмыстарын жүргізіп, камераларды көбейту, патруль нарядтарын көбейту жұмыстарын атқарып жатырмыз. Әл Фараби ауданындағы қылмыс көп орын алған жерлерге коямыз деп жатырмыз»
Айта кетейік, Әл Фараби ауданында жыл басынан бері қоғамдық орындардың өзінде 110 қылмыс тіркеліп үлгерген.