Сирек қазба байлығын игеруге озық техногология тартылмақ

29
Қазба байлықты іздеуде жұмыс қызып тұр
фото Ашық дереккөзден

Сирек кездесетін жер элементтерін игеру үшін Британ технологиялары тартылатын болады. Лондонда маңызды минералдар саласында ынтымақтастықты нығайту жөніндегі Жол картасына қол қойылды. Алдағы уақытта Қазақстан Ұлыбританиямен бірлесіп, геологиялық барлау, пайдалы қазбаларды өНдіру және өңдеу жұмыстарын жүргізбек. Мемлекет басшысы Қазақстанның сирек жер металдарын “Жаңа мұнай” деп атап, оларды игеруді үкіметке тапсырған болатын.

Маңызды міндетті жүзеге асыру үшін жаңа технологиялар қажет. Осы мақсатпен Лондонға Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі келіп, Ұлыбританияның Бизнес және сауда істері жөніндегі мемлекеттік министрімен кездесті.

Шархан Иран, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі: «Қазақстан бойынша айтсақ қазір бізде сирек жер элементтері өте көп. 18 элементіміз бар. Оның ішінде сегізін өңдеу мәселесін пысықтадық. Қазір жұмыс істелуде. Тағы 10 элементіміз бар. Технологиялар жоқ, бірақ пайдалы қазбалар бар. Ол үшін технологиялар керек».