Аудан әкімінің экс-орынбасары мен бас маманы сотталды

 

Шымкентте аудан әкімінің бұрынғы орынбасары сотталды. Сондай-ақ, Еңбекші аудандық әкімдігінің бас маманы мен мердігер ұйымының өкілі де жаза арқалады. Олар мегаполисті абаттандыру жөніндегі мемлекеттік сатып алу келісімшартын орындау кезінде кәсіпкерден қамқорлығы үшін 60 млн. теңге мөлшерінде пара алғаны үшін айыпталды.

Еңбекші ауданы әкімінің орынбасары мен әкімдіктің бас маманы сотталды. Сонымен қатар, Шымкент қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты мердігер ұйымның өкіліне де үкім шығарды. Олар зираттарды күтіп ұстауға бөлінген 28 млн. теңге бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды. Сондай-ақ, мегаполисті абаттандыру жөніндегі мемлекеттік сатып алу келісімшартын орындау кезінде кәсіпкерден қамқорлығы үшін 60 млн теңге мөлшерінде пара алғаны үшін айыпталды.

Аудан әкімінің орынбасары және әкімдіктің бас маманы ҚК-нің 189-бабының 3-бөлігінің 1),2),3) тармақтарымен және 24-бабы 3-бөлігі, 366-бабының 4-бөлігімен кінәлі деп танып, аудан әкімінің орынбасарына 11 жыл, бас маманға 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын, ал мердігер ұйымының өкіліне ҚК-нің 189-бабының 3-бөлігінің 1),2),3) тармақтарымен кінәлі деп танып, оған осы баппен 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады”, – деп мәлімдеді Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі.

Аудан әкімінің орынбасары 11 жылға, әкімдіктің бас маманы 10, ал мердігер мекеменің өкілі 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Жандос Бекасанов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменінің Басқарма басшысының орынбасары: “Ағымдағы жылдың бірінші сәуірінде Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Еңбекші ауданы әкімінің орынбасарына, осы әкімдіктің бас маманына, мердігер ұйымның өкіліне қатысты үкім шығарды. Үкім сотталғандардың қатысуымен жарияланды. Аталған адамдарға тиісінше 11, 10 және 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды”.

Сотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан айырылды. Айта кетейік, сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.