Көлік салығын төлеуден кімдер босатылған?

54

Көлік салығын төлеуден кімдер босатылған деген сұраққа Әл-Фараби ауданы бойынша кірістер басқармасының бас маманы Шолпан Балабаева жауап берді: «ҚР Салық Кодексінің 490 бап 3 тармағына сәйкес, көлік құралы салығынан мына санаттағы азаматтар босатылған.

Ұлы Отан соғысының ардагерлері, жеңілдіктер бойынша ҰОС ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер және басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағы ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым — 1945 жылғы 9 мамыр аралығында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағы ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар;

Кеңес Одағының батырлары мен Социалистік Еңбек ерлері,

«Халық қаһарманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» атақтарына ие болған, үш дәрежелі Даңқ орденімен және «Отан» орденімен наградталған адамдар, «Батыр ана» атағына ие болған, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған көпбалалы аналар;

мүгедектігі расталған 1,2,3-топтағыларға салықтық кезең ішінде бірнеше автокөлік құралы болған жағдайда, осы ережелер есептелген салық сомасы барынша көп автокөлік құралдарының бір автокөлік құралы бойынша/ қозғалтқышының көлемі 4000 текше сантиметрден біреуіне қатысты қолданылады».