Сыныптас екі ер адам үйлерінде есірткі өсірген

38

Шымкентте сыныптас екі ер адам үйлерінде есірткі өсірген. 37 жастағы тұрғын жалдамалы пәтерін фитозертханаға айналдырған. Ол арнайы желдету жүйесі, диодты шамдар, ылғалдылықты өлшеу құралдары, термометр және автоматты суарумен жабдықталған бөлмеде қарасора өсірген.

Дәл осындай зертхана ер адамның сыныптасының үйінен де анықталды. Күдіктінің автокөлігінен де марихуана салынған 2 пластик сыйымдылығы табылды.

Бағлан Исатаева, Шымкент қаласы ПД баспасөз хатшысы: «Жедел іс шаралар барысында қала тұрғынының басқаруындағы автокөліктен есірткі заттары табылды. Оның жалдаған пәтерінде және танысының үйінде қарасора өсіруге арналған фитозертханалар анықталды. Тәркіленген есірткі заттарының жалпы салмағы 13 келіден асады. Күдіктілер қамауға алынып, тергеу әрекеттері жүргізілуде»