Жеке тұлғалардың депозиттері 16,3 трлн. теңгеге жеткен

32
фото shutterstock.com

Бір жылда шетел валютасындағы банк салымдары едәуір төмендеді. Ұлттық банк 1 наурызда жеке тұлғалардың депозиттері 16,3 трлн теңгеге жеткенін хабарлады. Бұл былтырғы сәйкес кезеңнен 21%-ға артық. Оның басым бөлігін төл валютамыз қамтыған.

Елде ақша жинаудың тиімді жолы қайсы? Иә, депозиттік салымдағы 12,7 трлн теңге теңгемен жинақталған. Мамандар мұның дұрыс үрдіс екенін айтады. Елдегі жаңа ислам депозиттерінің көлемі 2,8 трлн теңгеге жетуі мүмкін. Қазақстандағы исламдық қаржыландыруды дамыту нарығы бойынша есеп дерегі осындай.

Зерттеуге қатысқан 13 мың респонденттің басым бөлігі жеке тұлға. Олардың көбі осы депозитті ашуға дайын екенін жеткізген. Соның нәтижесінде жаңа депозиттердің жалпы сомасы 1,9 трлн. теңгеге жетуі мүмкін. Мамандар дәстүрлі депозиттерден баламалы қаржыландырудың бұл түріне көшуді 924 млрд. теңгеге бағалайды.

Зерттеуді Ислам Даму Банкі қолдаған. Бір ескерерлігі, Ислам банктеріндегі салымдарды Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры кепілдендірмейді. Қазір елдегі исламдық ипотеканың көлемі 1,6 трлн теңгеге жетті. Автоқаржыландыру және бөліп төлеуді қосқанда 2,3 трлн теңгеден асқан.