(Фото: Қаратау ауданы әкімдігі)
Шымкентте Аналар күні мерекесіне орай 406 батыр анаға «Алтын алқа» мен «Күміс алқа» табысталып, сыйлықтар тарту етілді.
Тұран ауданында алтын құрсақты 18 ана «Алтын алқа», 52 әйел «Күміс алқа» иегері атанды.
Абай ауданында 26 ана «Алтын алқа» және 101 ана «Күміс алқа» төсбелгісімен марапатталды.
Қаратау ауданында 18 анаға «Алтын алқа», 68 тұрғынға «Күміс алқа» табысталды.
Еңбекші ауданында 5 анаға «Алтын алқа», 31 әйелге «Күміс алқа» берілді.
Әл-Фараби ауданы бойынша 17 батыр анаға «Алтын алқа», 70 әйелге «Күміс алқа» иегері атанды.
(Фото: Қаратау ауданы әкімдігі)
1 наурыздағы соңғы статистикалық мәліметке сүйенсек, Шымкент қаласы бойынша көпбалалы аналар саны – 64 134. Оның 12 608-і «Алтын алқа», «Күміс алқа» төсбелгілерімен марапатталған.
Қала бойынша ең жас көпбалалы ана 27 жастағы Зарина Ортай. Оның 6 баласы бар.
Айта кетейік, мамыр айының екінші жексенбісінде елімізде Аналар күні мерекесі атап өтіледі.