Оны полицейлер Қаратау ауданының аумағында «Құқықтық тәртіп» іс-шарасының аясында рейд жүргізу барысында ұстады. Азаматтан 36 орама мефедрон табылды.
Ұсталған азаматтың интернеттен «жұмыс» тауып, қала аумағында есірткі қойып кетумен айналысқаны анықталды. Ал, жасырын орындар туралы ол мессенджерде бөлісіп отырған. Қазіргі таңда күдікті қамауда. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.