(Фото: gov.kz)
Шымкентте спорт және мәдениет басқармаларының бұрынғы басшыларына айыппұл салынып, шенеуніктер тәртіптік жауапқа тартылды.
Қалалық прокуратура «DamuBala» бағдарламасына бөлінген бюджет қаражатын жоспарлау кезінде кәсіпкерлерге кедергі келтіретін, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды тегін шығармашылық үйірмелер мен спорт секцияларына қатыстыра алмау фактілерін анықтаған.
Прокурорлық қадағалау актісімен бұл заң бұзушылықтар жойылды. 111 кәсіпкер мен 1 инвестор 2023 жылдың тамызынан бастап damubala.kz платформасында бұрын кезекте тұрған 4 276 кәмелетке толмаған балаға қызмет көрсете бастады. Сонымен қатар биыл сәуір айынан бастап 125 кәсіпкер қызмет көрсету үшін шығармашылық үйірмелерге қатысуға damubala.kz платформасына 5 мың баланы (ваучерлерді) кезекке қоюға мүмкіндік берілді.
«Спорт және мәдениет басқармаларының бұрынғы басшылары Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 234-1-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 369 200 теңге көлемінде айыппұл төленді. Жауапты қызметкерлер тәртіптік жауаптылыққа тартылды»-делінген қалалық прокуратура мәліметінде.