Түркістан қаласының полицейлері әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг нәтижесінде «Chevrolet Corvette» маркалы автокөлік жүргізушісінің жол қозғалысы ережелерін бұзғанын анықтады.
Көлік иесін анықтау және профилактикалық шаралар жүргізу мақсатында патрульдік полиция қызметкерлері жедел іздестіру жұмыстарын атқарды. Нәтижесінде 39 жастағы ер адам өрескел заң бұзушылыққа жол беріп, автокөлігін мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз басқарғаны белгілі болды.
Жол жүрісі қағидаларын сақтамаған және мемлекеттік нөмірсіз көлік құралын басқарған азаматқа қатысты әкімшілік шара қолданылды. Жүргізушінің автокөлігі айыптұраққа қойылды.







