Дендросаябақ басшысы бюджет қаржысын жымқырды деген күдікке ілінді 

62

Шымкенттегі дендросаябақ басшылығы бюджет қаражатын жымқырды деп күдіктелуде.

Қалалық антикор мәліметінше, А.Асқаров атындағы «Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағы» МКҚК директорына, кадр бөлімінің басшысына, сондай-ақ бас бухгалтеріне қатысты 14,7 млн теңге сомасында бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қалалық департамент басшысы Дәурен Ерғариннің хабарлауынша, тергеу барысында күдіктілер кінәні толық мойындап, келтірілген залалды өтеді.

Қылмыстық іс қала прокуратурасымен сотқа жолданды.

(Фото: facebook/Дәурен Ерғарин)