Мақтаарал ауданындағы Жаңажол ауылдық округіне қарасты Өргебас ауылының Қ.Аманжолов атындағы жалпы орта мектебінің 10 жыл бұрынғы түлектері ауылдың кіре берісіне арнайы қақпа орнатты. Түлектер тарту еткен қақпада шаңырақ пен ою-өрнек бейнеленген. Сонымен қатар, қақпа түнгі уақытта да жарқырап, ауылдың түнгі көрінісіне көрік қосып тұр.
Бүгінде ауылда 200-ден астам отбасы тұрады. Онда жаңа мектеп, балабақшалар, медициналық және полиция пункттер бой көтерген. Одан бөлек, ауыз су және электр жүйелері жаңарып, барлық көшеге асфальт төселген. Сондай-ақ, демеушілердің қолдауымен бірнеше әлеуметтік нысандар мен мешіт, аялдамалар ел игілігіне берілген.