Шымкент: Дін істері басқармасының басшысы тағайындалды

33
фото ШҚӘБҚ

Шымкент қаласы әкімінің өкімімен қалалық дін басқармасының басшысы лауазымына Бахтияр Әлтайұлы Өнербаев тағайындалды. Еңбек жолын 1989 жылы Қазақтың Еңбек Қызыл Ту ордені С.М.Киров атындағы мемлекеттік университеті органикалық емес химия кафедрасының аға оқытушысы болып бастаған.

1990-2012 жылдары жеке секторда, Алматы қаласы жекешелендіру Комитеті, Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің орынбасары, Президенттің Іс басқармасында, Жоғарғы Сотта және Парламент Сенатының Аппаратында басшылық қызметтер атқарған.
2014-2016 жылдары Алматы облысы әкімінің орынбасары, 2016-2020 жылдары Алматы облысы Текелі қаласының әкімі, 2020 жылы Алматы облысы әкімінің Астана қаласындағы кеңесшісі қызметтерінде болды.
Сонымен қатар ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы, Шымкент қаласының Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы лауазымдарын атқарды. Б.Ә. Өнербаев — «Құрмет орденінің иегері және саяси ғылымдарының кандидаты.