Қазақстан полициясы күніне орай қаланың үш мектебінде кадет сыныптары ашылды. Оларға қызметтік міндеттерін атқару кезінде ерлікпен қаза тапқан полицейлер Нұраш Байтіленов, Нұржан Шойынбаев және Тайыр Шералиевтің есімдері берілді.
№89, 90 және 135 мектептердің 75 оқушысы салтанатты түрде ант қабылдап, кадет атанды.
Ашылу салтанатына қала әкімінің орынбасары Айдын Каримов пен полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Думан Таев қатысты.
Олар кадеттерді құттықтап, алдағы уақытта құқықтық тәртіпті сақтауда еліміздің лайықты азаматтары болатынына сенім білдірді. Сонымен қатар, мектеп оқушыларын білімді табандылықпен игеруге және өздерінде адам бойындағы ең жақсы қасиеттерді тәрбиелеуге шақырды.
Айта кетейік, қала мектептерінде кадет сыныптарын ашу оқушылардың әскери-патриоттық тәрбиесіне ықпал етеді.