Шымкентте полицейлер тұрғынға таксиде қалдырған сөмкесін қайтаруға көмектесті

39
фото ШПД

Қала тұрғыны патрульдік полиция қызметкерлерінен көмек сұрады. Ол таксиде ішінде бағалы заттары бар сөмкесін қалдырғанын жеткізді. Тәртіп сақшылары бірден іздеуге кірісті.

Көшедегі бейнебақылау камераларының көмегімен тасымалдаушы тез арада табылды.
Сөмке ішіндегі барлық заттарымен иесіне қайтарылды. Өз кезегінде азаматша полицейлердің жедел жұмысы үшін шынайы ризашылығын білдірді.
“Полицейлер Әкімбай Бақытжан мен Үрістек Бағдатқа алғыс айтқым келеді. Таксиде заттарым қалып кеткен еді. Көліктің нөмерін де білмедім. Сол жердегі патрульдік қызметкерлерден көмек сұрадым. Олар дер кезінде шара қабылдап, сөмкемді қайтарып берді”, — дейді тұрғын.