Түркістанда кретивті орталық ашылмақ. Бұл туралы өңір басшысының танымал продюссер Нұрлан Қоянбаевпен кездесуі барысында айтылды. Олар киноиндустрия саласында атқаруға болатын жаңа жобалар жайлы талқылады.
«Түркістанды қазақ Голливудына айналдыруға мүмкіндік мол». Осылай деген белгілі продюссер Нұрлан Қоянбаев өңір басшысымен кездесіп, өз жобаларын ұсынды. Танымал тележүргізуші күнгейде киноиндустриялық алаң құру облыс экономикасының гүлденуіне де септігін тигізетінін айтады.
«Түркістан облысында креативті жобалардың бастамасы болсын деп идеяларымызды ұсындық. Креативті орталық құру туралы жоспарымызды айттық. Енді кішкентай кішкентай жобалардан бастап көреміз. Жақсы кездесу өтті. Қала ұнап жатыр. Мен қалаға барған кезде, ғимараттарына емес, халықтың тонына, көңіл күйіне мән беремін. Түркістанда халықтың көңілі көтеріңкі екен. Бұл жақсы бастаманың белгісі», — дейді продюсер Нұрлан Қоянбаев.
Ал өңір басшысы жаңа жобаны тек түркістандықтар үшін қызмет ететін игі нысан емес, туристік мекенге айналдыру керектігін тілге тиек етті.
«Бұл енді бір жылда, бір күнде орындала қалмайды. Бірақ бастау керек. Бір ғана жер емес, Түркі мемлекеттеріне ортақ орталыққа айналдыру керек. Жақсы идеяларыңыз болса, айтыңыз. Біз жасап беруге дайынбыз. Жаңа павильон деп жатсыз, ол жағын қарастырайынқ. Ол жағынан проблема жоқ. Материалдық жағынан шамам келгенше қолдаймын», — дейді Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды.
Айта кетейік, облыс әкімдігі «САҚ» киностудиясымен бірлесіп, 6 анимациялық фильм, 2 телесериал, 2 деректі фильм түсірген. Сонымен қатар, тарихи орындар мен тұлғаларды танытуға арналған бірқатар анимациялық туынды бар.