Әлемге әйгілі Modern Talking тобының экс-әншісі Томас Андерс Шымкентке келді

46

(Фото: otyrar.kz)

80-жылдары аты аңызға айналған Modern Talking тобының әншісі болған Томас Андерс Шымкентке келді.

Әлемдік жұлдызды әуежайдан күтіп алған тілшіміздің хабарлауынша, өнер иесі мінген ұшақ Шымкент әуежайына дәл кесте бойынша сағат 8:00-де қонды.

Айта кетейік, Modern Talking тобының экс-мүшесі бір күн бұрын Алматыдағы Медеуде кешін өткізген болатын. Өнер жұлдызы бүгін 15 шілдеде  сағат 20:00-де «Мұз» сарайында шымкенттіктер үшін өнер көрсетеді.