«Игі істер марафоны» жобасының «Экологиялық апталығы» аясында Шымкент қаласының тарихи орындарының бірі ескі қалашықта тазалық акциясы өткізілді. Шараға Жасыл ел ұйымының еріктілері қатысып, қаланың көркеюіне өз үлестерін қосты. Цитадельден соң белсенділер Шымситидегі жаңа саябақтың аумағын тазалауға барады
Ел Президенті экологиялық сенбілік аясында «Бүкіл Қазақстанды таза ұстау өзімізге, жастарға байланысты. Мен жастарға сенемін. Сондықтан жастарға зор үмітпен қараймын», — деген еді. Сондықтан қайырымдылық марафоны тазалықпен байланысты өтіп жатыр.
Ақгүлім Сейдолла шахардағы ескі қалашықтың аумағын тазартуға кіріскен. Ұйымдастырушылардың белгілеп берген учаскесін тездетіп құрбыммен бірге жинап тастаймыз. Қаланың көркі біз жастар үшін маңызды дейді Жасыл ел ұйымының еріктісі.
Ақгүлім Сейдолла, «Жасыл ел» ұйымының еріктісі:«Жасыл ел» ұйымында 16 жастан бастап жұмыс істеуге болады. Қаламыздың көркеюіне үлес қосуға жерлестерімді шақырамын».
«Игі істер марафоны» жобасының «Экологиялық апталығы» аясында ескі қалашықта ұйымдастырылған шараға шахардағы жоғары оқу және арнаулы оқу орын студенттерінен жасақталған «Жасыл ел» ұйымының еріктілері қатысуда. Жастар ресурстық орталығының бастамасымен қолға алынған іс шараның барысында жастарға Цитадельдің тарихы баяндалды. Акцияның танымдылық бөлігінен кейін еріктілер бекітілген аумақтардағы – жолаяқтарды шөптен тазартты.
Гүлбибі Құдайберген, Абай ауданы әкімдігінің жастармен жұмыс жүргізу бөлімі басшысы: «Көне қалашықтан кейін Шымситидегі саябақ аумағында тазалық шарасы өтеді. «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбіліктер ұйымдастырылып, жастар көптеп қатысуда».
Жасыл ел ұйымының еріктілері игі істер марафоны жобасына енген іс шаралар бойынша демалыс орындары саябақ, гүлзарлардағы тазалық сенбіліктеріне қатысуды алдағы уақытта да жалғастырады.