Шымкентте 36 адам көлік салығын төлемей жүр. Олардың берешегі 1,7 млрд теңгені құрайды. Сондықтан қазір бірнеше мекеме бірігіп рейдтің шара өткізіп жатыр.
Шымкенттік көлік иелері 1,7 млрд теңгенің салығын төлемеген. Оның 800 млн теңгеге жуығы өткен жылдан қалған берешек. Темір тұлпарының салығын төлеуден жалтарып жүргендер саны қаламызда 36 мыңнан асады. Олар әр жылдың 1 сәуіріне дейін аталған қаржыны төлеуі керек еді. Алайда уақытын өткізіп алған.
«Бұл рейдтің шараның мақсаты – қала аумағында салығы бойынша берешегі қалыптасқан. Соларды өндіру мақсатында рейд жүргізіп жатырмыз. Биыл жаңадан пайда болған берешектің ішінде 18 мың салық төлеушіні қалыптастырылып, сот орындаушылар палатасына жөнелтілді. Мәжбүрлеп өндіру жұмысы жүргізіліп жатыр», — дейді Шымкент қаласы МКД өндірістік емес төлемдер басқармасының бас маманы Нұрлыбай Ілешов.
Сот орындаушылар ұсынған ақпарат бойынша өндіріске 116 мың іс түскен. Қазірге дейін оның 23 мыңы орындалып, 200 млн теңгеге жуық ақша төленген.
«Атқару ісі келіп түскеннен кейін өздерінің тіркелген номеріне хабарлама жолданады. Ол автоматты түрде базадан жіберіледі. Одан кейін қоңырау шалынып, есеп шоттары бұғатталады. Егер жұмыс орны бар болса, айлығынан немесе зейнет ақысынан 50 пайыз өндіру туралы қаулы жолданады», — дейді жеке сот орындаушы Бекжан Әзімбаев.
Ал мемлект алдында берешегі бар жұмыссыз тұрғындардың мүлкі айыптұраққа қойылады. Бірлескен рейдтік шара 15-мен 17 шілде аралығында жүреді. Айта кетейік, Шымкентте 394 мың көлік тіркелген. Олардан жыл сайын 6 млрд теңгеге жуық салық өндіріледі.