Шымкент қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының мамандары Б. Момышұлы даңғылындағы кофе-бар нысанының заңсыз екенін анықтады. Тиісті хаттама толтырып, сотқа жолдады.
Сот алқасының қаулысы негізінде жеке кәсіпкер ӘКБтК-нің 319-бабы бойынша кінәлі деп танылды және жер теліміндегі заңсыз тұрғызылған құрылысты мәжбүрлеп бұзу бойынша шешім шығарылды. Қазіргі таңда кәсіпкер өз еркімен заңсыз құрылысты бұзып алатындығы туралы мәлімдеді.
Шымкент қаласының тұрғындарынан құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастамас бұрын тиісті құжаттарды заңдастырып алуды сұранамыз!