Биыл Шымкентте 137 мың оқушы тегін тамақпен қамтылады

28

1 қыркүйектен бастап шымкенттік 137 мың оқушы тегін тамақпен қамтылады. Бұл көмек бастауыш сынып пен әлеуметтік аз қамтылған отбасы балалары үшін қарастырылған. Оларға бюджеттен 13,5 млрд. теңге бөлінген.

Мектептерде бекітілген біріңғай ас-мәзірі ұсынылып, әр балаға қосымша көкөніс пен жеміс-жидек беру туралы шешім қабылданды. Комиссия мүшелері асханалардың жабдықталуын тексеріп, оқу жылына дайындықты пысықтап жатыр деді қалалық білім басқармасының басшысы. Сонымен қатар, балалардың тегін тамақпен тұрақты қамтылуын қадағалауға мүмкіндік беретін жаңа пилоттық жоба енгізілген. «Алақан» жобасы алғаш рет №65 мектеп-гимназиясында жүзеге аспақ.

Нұргүл Шәишиева, Шымкент қалалық білім басқармасының басшысы:
«Тамақтандыру қызметін жүзеге асыратын кәсіпкерлер сол меню бойынша жұмыс істейді. Ол мәзірден ауытқуға болмайды. Ал енді өзгешелікке келетін болсақ, осы жылы көкөністердің үлесі, кептірілген жеміс-жидектерден сусын жасап беру көбейтілді. Лактозаның құрамы азайтылды сүт өнімдерінің. Жалпы баланың бойында физиологиялық процестерді тежемеу үшін зат алмасу процестерді жөнге қою үшін қабылданған шаралар»