Ипотекаға деген сұраныс төмендеген

30

Қазақстандықтарға ипотека алу қиындай түсті. Тиісінше, берілген ипотекалық қарыз саны азайды. Бұл Ұлттық банктің қаржы институттары арасында жүргізген сауалнамасының нәтижесі. Жылжымайтын мүлік нарығының сарапшылары өткен жылмен салыстырғанда биыл нарық деңгейі қалпына келеді дейді.

Нұрай Исаева ата-анасымен бірге тұрады, бірақ жалдамалы баспана іздемекші. Оған қоса, ипотекалық бағдарламаларды қарастырып жүр. Банктердегі пайыздың жоғары екені белгілі. Банктен несие алып, төлемді өтеу қымбатқа түсетінін ескерген бойжеткен пәтерді жалға алып, ай сайын төлем жасаған едәуір тиімді дейді.

Нұрай Исаева, Шымкент қаласының тұрғыны: «Менің жасымдағы жастар үшін пәтер жалдау тиімдірек. Жалпы, екі жыл бұрын ипотека шарттары қазіргіге қарағанда тиімдірек болды, қазір жастарға ипотека бойынша пәтер сатып алу өте қиын. Қазір ешкім бір жерде тұрақты тұрмайды ғой».

Ұлттық банк қаржы институттары арасында сауалнама жүргізді. Сауалнама осы жылдың екінші тоқсанында ипотекалық несиелер саны азайғанын көрсетті.

Асан Ахметжан, Қазақстан Ұлттық банкінің баспасөз хатшысы: «Жеке тұлғалардың ипотекаға деген сұранысы осы жылдың екінші тоқсанында біршама төмендеді. Ал тұтынушылық несиелер өсті. Респонденттердің пікірінше, ипотекаға сұраныстың төмендеуі өткен тоқсанда несиелеудің кейбір шарттарының қатаңдатылуымен түсіндіріледі, бұған жылжымайтын мүлік нарығындағы ағымдағы жағдай аясында жеке орта ЕДБ-нің қарыз беруге дайындығының төмендеуі сияқты фактілер де әсер етті. Бұл ретте мұндай төмендеу кейбір басқа банктерге клиенттердің ағыны мен сапасын арттыруға мүмкіндік берді, нәтижесінде өтінімдердің жалпы саны 3%-дан 00,34-ке төмендеді».

Жылжымайтын мүлік нарығының сарапшыларының пікірі керісінше. Олар сатып алу – сату мәмілелерінің саны, соның ішінде ипотекалық несиеде өсім бар дейді. Өткен жылмен салыстырғанда, олардың саны күрт азайып, нарық қалпына келді, дейді сарапшылар. Дегенмен, несие шарттарының қатаңдауы жылжымайтын мүлік нарығына әсер етті.

Александр Пак, маркетолог-талдаушы,  жылжымайтын мүлік нарығының сарапшысы: «Кейбір банктерде 05,33 депозит тоқтатылғанда, 3 — 6 айдан бастап бір жарым жыл, бұл 2023 жылы мәмілелердің төмендеуіне әкелді. Қазір бұл мерзімдер өтіп кеткендіктен және сатылымның өсуі қайтадан қалпына келді».

Бұл ретте сарапшы жақын арада сатып алу – сату мәмілелерінің саны мен тұрғын үй құны өспеуі мүмкін дейді.