Қару иелері тексерілді…

28
фото ТО ПД

Полиция департаменті басшылығының тапсырмасымен Сайрам ауданында тексеру жұмыстары күшейтілді. Яғни аудандағы пробациялық есепте тұратындар, қаруы бар тұрғындар, аймақта жүрген шетелдіктердің өздеріне белгіленген талаптарды сақтауы бақылауға алынды.

Нәтижесінде полиция 17 қару иесінің мекенжайына барып, қарудың сақталуы, рұқсат етілген мерзімдерін тексеріп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар пробация қызметінің есебінде тұратын тұлғалардың мекенжайлары бойынша тексеру жүргізіліп, 28 тұрғынмен профилактикалық түсіндірме шаралары атқарылды.
Көші-қон қызметі бойынша Сайрам ауданына түрлі себептермен келген шетел азаматтары да назардан тыс қалмай, бақылауға алынды. Олардың құжаттары мен Қазақстан Республикасында болу мерзімдері тексеріліп, көрсетілген мекенжайларында ғана тұрақтау ескертілді.