Темір тапшылығы анемиясының алдын алу

20

Темір тапшылығы анемиясының алдын алуда тағамға фортификацияланған ұнды пайдаланудың маңыздылығы.

Бүгінгі күні Шымкент қаласының барлық ұн тарту зауыттарында темір тапшылығы анемиясының алдын алу мақсатында фортификацияланған ұн әзірлейді.

Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулықсақтау жүйесі» Кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында сатылатын жоғары және бірінші сортты бидай ұны құрамында темір бар дәрумендермен, минералдармен және басқа да заттармен байытуға (фортификациялауға) жатады.

Бұл мәселені шешу үшін көптеген елдерде жоғары және бірінші сұрыпты бидай ұнын жетіспейтін компоненттермен нығайту (байыту) темір тапшылығы анемиясының алдын — алу әдістерінің бірі ретінде қолданылады. Бұл әдіс арзан, жылдам және тиімді. Фортификация кезінде ұнға витаминдер мен минералдар (темір, мырыш, фолий қышқылы және В тобындағы витаминдер) қайтарылады, олар тартылған кезде жоғалады, ал қосылған элементтер тағамдық қасиеттерді арттырады, бірақ ұнның түсіне, дәміне, иісіне әсер етпейді.

Адамның денсаулығына қаупі бар мәселелердің бірден бірі, ол тағамдағы темір және фолий қышқылы сияқты витаминдер мен минералдардың жетіспеушілігі себебінен болатын теміртапшылығы анемиясы.

Темір мен фолий қышқылы жетіспеушілігі анемиясы бар әйелдер аз салмақтағы балаларды жиірек босанады, шала тууға, күтпеген түсік қаупі артады. Ересектерде жүрек-тамыр, иммундық, эндокриндік, жүйке басқа жүйелер функциялары бұзылады. Күш қуаты мен төзімділіктің әлсірегеннен жұмыс істеу қабілеттілігі төмендейді. Жас балалардың дене бітімі дамымай жетілмейді және имммунитеті әлсіреп, індетке қарсылығы нашарлайды.

Осыған байланысты темір тапшылығы анемиясының алдын алу мақсатында Шымкент қаласы Тұран ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті, асқа фортификацияланған ұнды пайдалануды ұсынады.

Өз денсаулығыңызды және жақындарыңыздың денсаулығын күтіңіздер!

А. Даулетова,
Шымкент қ. СЭБД бөлім басшысы