Енді дәрілік заттар арнайы пошта арқылы жеткізіледі

30

Шымкентте алғаш рет «Госпитальдық фармация» бөлімшесі ашылды. Енді бұл орында дәрілік заттар уақтылы және сапалы дайындалып, пневматикалық пошта арқылы медициналық ұйымның клиникалық және пара-клиникалық бөлімшелеріне жеткізіледі. Мұндағы басты мақсат дәрілік заттарды тиімді пайдалану.

«Госпитальдық фармация» бөлімшесі қалалық балалар ауруханасының базасында ашылып отыр. Жыл соңына дейін мегаполистегі 5 медициналық ұйымда осындай орын ашу жоспарда бар. Осылайша дәрілік заттарды ұтымды пайдалану есебінен бюджет қаражатын айтарлықтай үнемдейміз дейді жауаптылар.

Бақытжан Позилов, Шымкент қаласы мәслихатының депутаты: «Мұндай бөлімшелер босандыру үйлерінде және басқа да үлкен мекемелерде ашылады. Бұны ашу да оңай емес. Үлкен ғимараттардың ішінде өзінің логистикасы болу керек. Схемасы болуы қажет. Дәрігерлер үйренуі керек. Қазіргі таңда осы «Госпитальдық фармация» бойынша біздің қызметкерлеріміз Астанада оқып жатыр. Енді ол жақа бармай ақ, қалалық балалар ауруханасында оқимыз»